• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Тамыз, 2016

Бүгін ел аумағында күн күркіреп, жаңбыр жауады

738 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_55030" align="aligncenter" width="560"] Фото: khabar.kz[/caption] inform.kz-тің хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен күн күркіреп, жаңбырлы ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында күн ашық болады. Солтүстікте кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді. Ал оңтүстік облыстарда шаңды дауыл көтеріледі. Шығыста бұршақ жаууы мүмкін. «Қазгидромет» мамандарының мәліметіне сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысында күн күркірейді, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріледі, күндіз күн күркірейді, желдің күші 15-20 м/с болады. Атырау облысының аумағында ауа райы бұзылып, күн күркіреп, желдің соғу жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды. Күндіз Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерде күн күркірейді. Алматы облысының аумағында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейсе, дәл осындай ауа райы Павлодар облысында да сақталады, күндіз күн күркіреп, найзағай ойнайды. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін барып, шаңды дауыл көтеріледі. Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Жамбыл облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Талғат РАЙЫМБЕК