• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
08 Тамыз, 2016

Мәдениет және спорт министрі Олимпиаданың ашылуына қатысты

244 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, ұлттық олимпиада құрамамыздың мүшелерімен кездесті. Сонымен қатар, шараға бас хатшы Пан Ги Мун және Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах қатысты. Салтанатты шараны атақты бразилиялық әнші және композитор Каэтану Велозу ары қарай іліп әкетті. Сонымен қатар, «Грэмми» сыйлығының бірнеше дүркін иегерімен бірге 2003-2008 жылдары Бразилияның мәдениет министрі болған музыкант Жилберту Жил мен әнші Анитта бір сахнаға шығып ән шырқады. Олардың әніне бразилиялық самба биінің танымал 12 мектебінің өнерпаздары карнавал шеруіне билеп шықты. Биге жақын бразилиялық xалық самба биімен салтанаттың көрігін қыздырды. Еске салып кетсек, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Қазақстан мәртебесін 104 спортшы қорғайды. Қазақстандықтар 26 спорт түрі бойынша 108 жолдама жеңіп алды. «Егемен ақпарат»