• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
08 Тамыз, 2016

Пәкістан ауруханасындағы жарылыстан 53 адам қаза болды

247 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_55067" align="aligncenter" width="560"] afp.com[/caption] Пәкістанның Кветта қаласындағы ауруханада жарылыс болып, кем дегенде 53 адам қаза тапты, деп хабарлады ria.ru. Тағы ондаған адам жарақат алған. Жарылыс дүйсенбі күні таң ата, Белуджистанның адвокаттар алқасы қауымдастығының бұрынғы президенті Біләл Әнуар Касидің өлімінен бірнеше сағат өткен соң болған. Заңгердің денесі ауруханаға жеткізілгеннен кейін, мұнда марқұмның әріптестері мен таныстары, сондай-ақ журналистер жиналған. Осы сәтте ауруханада жарылыс болған. Полицияның ақпары бойынша, жарылыстан кейін белгісіз біреу оқ атқан. Айдар ӨРІСБАЕВ