• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Тамыз, 2016

Елімізде алдағы үш күнде аптап ыстық болады

207 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_55088" align="aligncenter" width="560"] tengrinews.kz[/caption] Синоптиктер Қазақстанда ауа температурасы 41 градусқа дейін баратынын болжап отыр. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, алдағы үш тәулікте Қазақстандағы ауа райына антициклон әсер етеді. Бірақ, 11 тамыз күні елдің батыс пен солтүстік бөлігіндегі шалғай аудандарда жауын жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Сондай-ақ республиканың басым бөлігінде ауа райы әдеттегіден 3-7 градусқа жоғарылауы ықтимал. Елдің батысы мен оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 33-38, кей жерлерде 41 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік пен орталықта 30-37 градусқа жетеді деп күтілуде. Айдар ӨРІСБАЕВ