Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Астанада 15 маусымда ШЫҰ құрылғанына 10 жыл толуына орайластырылған Ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының мерейтойлық кеңесі отырысына дайындық шаралары мен жүзеге асыру мәселелерін талқыға салған Ұйымдастыру комитетінің жиналысы болып өтті.
Жиналыс барысында ҚР-ның ШЫҰ-дағы 8 ай төрағалығының нәтижелері шығарылды. Қалған 4 ай ішінде Астанада Ұйым Сыртқы істер министрлерінің кеңесі және ШЫҰ-ның мерейтойлық Саммиті өтеді. Аталған халықаралық шараларды дұрыс дайындау мақсатында Ұйымдастыру комитетінің аясында жұмыс топтары құрылды.
Ұйымдастыру комитетінің отырысы қорытындысы бойынша барлық қатысы бар мемлекеттік мекемелерге ШЫҰ Саммитінің мазмұнды толықтыру жағынан, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан және шараның ақпараттық таралуына қатысты нақты тапсырмалар жүктелді, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.