• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
19 Тамыз, 2016

Рио-2016: Боксшы Әділбек Ниязымбетов – күміс жүлдегер!

378 рет
көрсетілді

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың бокс бәсекесінде 81 килоға дейінгі салмақта қазақстандық Әділбек Ниязымбетов күміс медальдің иегері атанды. Ол кубалық Хулио Сезар Ла Круспен шайқаста 0:3 есебімен ұтылып қалды. Бұл боксшылар бұған дейін бір-бірімен үш рет кездескен болатын. 2011 жылы Бакуде, 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионаттарында – кубалық, 2012 жылы Алматыда ойналған Қазақстан Президенті турнирінде Әділбек ұпай санымен жеңіске жеткен. Ал олимпиялық турнирде бірінші рет кездесті. Осымен Әділбек қатарынан екі Олимпиадада күміс медальдің иегері атанды. Мұндай көрсеткішті бұрын 1996 жылы Атлантада, 2000 жылы Сиднейде қазақстандық Болат Жұмәділов көрсеткен еді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ