Теміртау қаласында балабақша тәрбиешісінің балаға қол көтергені туралы дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Оқиға Айгөлек балабақшасы мекемесінде болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, бүлдіршіннің анасы тәрбиешінің оның қызына күш қолданғанын мәлімдеген. Бейнебақылау камерасына түскен кадрларда педагогтың баланы жұдырықпен қолынан және бетінен ұрғаны анық көрінеді. Сонымен қатар, желі қолданушылары екінші тәрбиешінің бұл жағдайға назар аудармағанын жазған.
Жетібай балабақшасындағы оқиға: Полиция мән-жайды түсіндірді
Қарағанды облысы полиция департаменті мәліметінше, тексеру барысында 36 жастағы тәрбиеші полиция бөліміне жеткізілген.
Ведомствоның хабарлауынша, аталған факті бойынша «кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау, оған қатыгездік көрсету» бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру 1 шілдеге дейін жалғасады
Полиция өкілдері ата-аналардан ресми арыз түспегенін де атап өтті.
Өз кезегінде Теміртау қалалық білім бөлімі бұл жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді. Қазір қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.
Балабақша мен колледждерде дау-дамайды реттейтін медиация қызметтері құрылады