• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 15:16

Ұлытау облысында 30 отбасы қоныс тойын тойлады

30 рет
көрсетілді

Сәтбаев қаласында баспана кезегінде тұрған азаматтарға жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды. Жалпы ауданы 2000 шаршы метрге жуық болатын бес қабатты 30 пәтерлі тұрғын үй ел игілігіне берілді, деп жазады Egemen.kz.

Қоныс иелерін құттықтаған Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков өңірде халықты жайлы баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ тұрғын үй құрылысына жергілікті бюджетпен қатар инвестициялық мүмкіндіктер де кеңінен тартылып жатқанын жеткізді.

«Облысымыз құрылған уақыттан бері 365 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал биыл 100 мың шаршы метрге жуық баспананың құрылысы аяқталады деп күтіледі. Бұл тағы 800-ден астам отбасының жаңа қонысқа ие болуына мүмкіндік береді. Осындай ауқымды жұмыстардың нәтижесінде өңіріміз биылғы қаңтар-наурыз айларындағы республикалық көрсеткіш бойынша құрылыс көлемінің өсімі жөнінен көшбасшылар қатарынан көрінді», деді облыс әкімі.

Ұлытауда жаңа спорттық воркаут алаңы ашылды

Баспаналы болған отбасылар қуаныштарын бөлісіп, көрсетіліп жатқан қолдау үшін ризашылықтарын білдірді.

Ұлытау облысында тұрғын үй құрылысы жыл сайын қарқынды дамып келеді.

Ұлытау облысы

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды

Соңғы жаңалықтар