Қазақстандық теннисші Анна Данилина Франция ашық чемпионатының (Roland Garros) жұптық сайысында финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Жартылай финалда Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге жапон-тайвань жұбы Сюко Аояма / Лян Энь-Шо дуэтін сенімді түрде жеңді. Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылып, қазақ-сербия жұбы 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Заңғар Нұрланұлы «Ролан Гарростың» үшінші кезеңіне шықты
Енді 7 маусымда өтетін «Үлкен дулыға» турнирінің шешуші ойынында Данилина мен Крунич Чехия өкілі Катерина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендке қарсы өнер көрсетеді.
Сенсациялық жеңіліс: Елена Рыбакина «Ролан Гарростың» екінші айналымынан аса алмады