«Радио Свобода» басылымының жазуынша, Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасқан. Келісімге Біріккен Араб Әмірліктері арағайын болған, деп хабарлайды Egemen.kz
Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, қайтарылған әскерилер Беларусь аумағына жеткізілген.
Бұған дейін Ресей мен Украина биыл 15 мамырда тұтқын алмасқан. Ол уақыттар келісім 205-205 форматы бойынша жүзеге асқан.