• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:14

Тараз тұрғындары жарықсыз қалды

Тараз қаласында электр энергиясын беру уақытша шектеліп, соның салдарынан тұрғындардың бір бөлігі жарықсыз қалған. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарықтың өшуіне жоғары кернеулі электр жеткізу желісіндегі апат себеп болған. Қазіргі уақытта мамандар оқиғаның себептерін анықтап, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Тұрғындарға келетін қолайсыздықтарды барынша азайту мақсатында электр энергиясы кезең-кезеңімен, резервтік қоректендіру схемаларын пайдалану арқылы беріліп жатыр. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін электрмен жабдықтау толық қалпына келтіріліп, қалыпты режимге көшіріледі», делінген хабарламада.

Астанада электр энергиясының тарифі қымбаттауы мүмкін

Әлеуметтік желілерде тұрғындар мобильді интернет пен байланыс сапасының нашарлауына шағымданып жатыр. Кейбір қала тұрғындарының айтуынша, су да жоқ. Су айдайтын сорғы жабдықтарының жұмысы электр қуатына тәуелді.

Әкімдік тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда 7 мың шақырым жаңа электр желісі салынатынын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар