• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:44

Мемлекеттік қызметке іріктеу кезінде үміткердің еңбек өтілі ескеріледі

5 маусымда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Сапар аясында Агенттік төрағасы қала активімен кездесіп, Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның негізгі жаңашылдықтарын таныстырды. Аталған заңның мемлекеттік қызмет жүйесін одан әрі жаңғыртуға, сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталғаны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесуде Агенттік төрағасы Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі шенеуніктер мен басшылар «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген қағидатты берік ұстануға тиіс деген сөзіне тоқталды. Мемлекеттік қызметшілер жаңа Конституцияда көзделген Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын басшылыққа алу керектігін айтты.

Сонымен қатар, Дархан Жазықбай мемлекеттік қызметтің миссиясын бекіту, азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру және кадрлық процестерді цифрландыруды көздейтін Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңға кеңінен тоқталды.

«Заң аясында мансаптық және позициялық модельдердің артықшылықтарын біріктіретін мемлекеттік қызметтің гибридті моделі қалыптастырылды. Енді үміткерлерді іріктеу кезінде олардың мемлекеттік қызметтегі, квазимемлекеттік сектордағы және жеке сектордағы таңдаған лауазымының функционалдық бағытына сәйкес келетін жиынтық еңбек өтілі ескеріледі», деді Дархан Жазықбай.

Заңда мемлекеттік қызметшілердің адалдығы мен әдептілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мінсіз бедел институтын енгізу көзделген. Жас әрі талантты мамандарды тарту мақсатында заңда мемлекеттік қызметке кіруге даярлау институтын енгізу қарастырылған. Мемлекеттік қызметке іріктеу толықтай цифрлық форматқа көшіріліп, конкурс рәсімдері «Е-қызмет» жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар «Б» корпусының қызметшілері үшін көлденең ілгерілету тетігі енгізіледі.

Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі: Сенат заңды мақұлдады

Кездесуде мемлекеттік қызмет саласын цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар да айтылды. Цифрлық іріктеу жүйесінің енгізілуі конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз еткені айтылды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін арттыруға бағытталған «AI Qyzmet» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде аталған бағдарлама бойынша республика көлемінде 60 мыңға жуық мемлекеттік қызметші оқытудан өткен. Оның ішінде Алматы қаласынан 2 700-ден астам қызметші қамтылды.

Сонымен қатар, кездесуде сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру тықырыбы да қамтылды. Былтыр «Қоғамдық пікір» институты халық арасындағы сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтады. Нәтижесінде азаматтардың 69% сыбайлас жемқорлықпен күреске өзі қатысуға дайын екенін білдірген. Бұл – қоғамдағы жауапкершіліктің артып, азаматтық ұстанымның күшейіп келе жатқанын көрсетеді.

Заң күшейді: Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар көбейді

Жұмыс сапары барысында Агенттік төрағасы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өңірлік жастармен кездесіп, оларға мемлекет тарапынан ұсынылып отырған мүмкіндіктер туралы ақпарат берді. Мемлекеттік қызметке кіру тәртібін жеңілдету мақсатында жоғары оқу орнын үздік аяқтаған (GPA 3,33-тен жоғары) түлектерге аудандық және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурссыз орналасу мүмкіндігі қарастырылған. Бүгінгі таңда осы мүмкіндік арқылы республика бойынша 860 жас түлек мемлекеттік қызметтің түрлі лауазымдарына конкурссыз қабылданған. Оның ішінде аталған оқу орнының 4 түлегі бар.

Бұдан бөлек, білікті жастарды мемлекеттік қызметке тартуға бағытталған Президенттік жастар кадр резервінің артықшылықтары түсіндірілді. 2019 жылдан бастау алған бұл жобаға 450 жас іріктеліп алынды. Сондай-ақ 2024 жылы еліміздің барлық өңірінде алғаш рет Өңірлік жастар кадр резервіне іріктеу жүргізілді. Нәтижесінде 546 жас резерв құрамына енгізілсе, оның 41-і Алматы қаласының өкілдері. Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 13 түлегі Президенттік жастар кадр резервіне және 17 түлегі өңірлік резервке енген.

Енді мемлекеттік қызметке кадрларды іріктеу цифрлық форматта жүзеге асырылады

Сонымен қатар, Дархан Жазықбай сапар барысында мемлекеттік қызмет ардагерлерін «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапаттады. Сондай-ақ, лауазымдық міндетін үлгілі атқарған бірқатар мемлекеттік қызметшілерге және университеттің белсенді студенттеріне Агенттік төрағасының Грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

Соңғы жаңалықтар