Алматыда әйел адамның қайғылы жағдайда қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицияның мәліметінше, оқиға түн ортасына таман Наурызбай ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, 1988 жылы туған әйел адам бесінші қабаттың терезесінен секіріп, суицид жасаған. Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын растады. Наурызбай аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр», делінген хабарламада.
Суицид «эстетикасы» немесе шығармашылық адамдардың жасырын үгіті
Қайтыс болған әйел сол тұрғын үй кешенінде тұрған. Алдын ала ақпарат бойынша, соңғы уақытта ол жеке жағдайларына байланысты ауыр эмоционалдық жағдайда жүрген.
Ал бұған дейін суицидке бейім азаматтар әскерге қабылданбайтыны туралы хабарлағанбыз.