• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 14:50

Шекарадағы бақылау: Мамыр айында мыңнан астам шетелдік ұсталды

ҰҚК Шекара қызметі 2026 жылғы мамырда құзырлы органдармен бірлесіп, Қазақстан заңнамаларын бұзған 3 881 адамды ұстады. Олардың ішінде 1 125-і – шетел азаматтары, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, есепті кезеңде мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 180 фактісінің жолы кесілген.

60 млн теңгенің жанар-жағармайы: Шекарада заңсыз мұнай тасымалының жолы кесілді

ҰҚК Шекара қызметінің бір айлық жұмыс қорытындысы бойынша анықталған негізгі деректер:

Есірткі заттары: 41 факті тіркелді. Қару мен оқ-дәрі: 61 факті анықталды (2 бірлік атыс қаруы, 42 бірлік суық қару және 118 бірлік оқ-дәрі). Жанар-жағармай (ЖЖМ): Көлемі 85 тоннадан асатын 406 факті әшкереленді. Халық тұтынатын тауарлар: Жалпы сомасы 665 млн теңгеден астам құрайтын 526 факті анықталды. Шетел валютасы: Жалпы сомасы шамамен 1,5 млрд теңгені құрайтын заңсыз валюта тасымалының 146 фактісінің алды алынды.

Сонымен қатар Каспий су айдынында заңсыз балық аулаумен айналысудың 12 фактісі анықталған. Тексеріс барысында браконьерлік құралдар мен бекіре тұқымдас балықтар тәркіленді. Мемлекетке келтірілген шығын көлемі шамамен 210 млн теңгеден асады.

ҰҚК Шекара академиясына базалық ұйым мәртебесін беру туралы ереже бекітілді

Аталған құқық бұзушылықтар бойынша Шекара қызметі тарапынан 62 қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ал қалған фактілер бойынша тиісті материалдар процессуалдық шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жолданды.

Соңғы жаңалықтар