• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Теңге Бүгін, 15:38

Ұлттық банк төрағасы теңге бағамына қатысты пікір білдірді

Соңғы айларда елімізде доллар қайта қымбаттай бастады. Бұл жағдайға қатысты Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, ел экономикасының негізгі көрсеткіштері оң динамиканы сақтап отыр. Жыл басында мұнай бағасы барреліне шамамен 67-70 доллар деңгейінде болса, қазір 100 доллар шамасында тұрақтанған. Ұлттық банк төрағасының сөзінше, валюта нарығындағы қазіргі өзгерістер қалыпты нарықтық үдеріс саналады.

«Доллардың әлсіреуі мен қайта нығаюы – нарық заңдылықтарына сәйкес жүріп жатқан қалыпты құбылыс. Егер қандай да бір сыртқы күйзелістер болмаса, ұлттық валюта бағамының әлсіреуіне негіз жоқ», деді Тимур Сүлейменов.

Доллар 600 теңгеге жетуі мүмкін бе?

Еске сала кетейік, Ұлттық банк ұсынған мәлімет бойынша бүгін айырбастау орындарында 1 доллар 485,34 теңгеден саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар