• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
19 Тамыз, 2016

Алан Әжібаев Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды

324 рет
көрсетілді

Министр Дәурен Абаев бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Жаңа вице-министр ақпарат саласына жауапты болады. Еңбек жолын ол 90-шы жылдардың ортасында «Макс» радиосында қарапайым радиожүргізуші қызметінен бастап, «31 арна» телерадиокомпаниясында бағдарламалар редакторы, кейінірек тележүргізуші болды. Әр жылдары «Караван» радиосын басқарды, «ТАҢ» телерадиокомпаниясында» және «Тенгри ФМ» радиосында бас продюсер болды. Кейінгі жылдары «Айқын» және «Литер» қоғамдық-саяси газеттерін басқарған. «Егемен ақпарат»