• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2016

Әлеуметтік желінің әлегінде жүргендер

300 рет
көрсетілді

Тасмания университетінің зерттеушілері әлеуметтік желінің адамдарға тигізетін ең басты зиянын анықтады. Әлеуметтік желіні қол­данушылардың арасында зерттеу жүргізген мамандар адамдардың әр аккаунтта өзде­рінің табиғи болмыс-бітімін түрліше көрсетуге тырысатынына, ал өмірде мүлде басқаша адам болып шығатынына көз жеткізіпті. – Олар өздерін виртуалды әлемдегі «достарына» тартымды етіп көрсетуге тырысады. Бір аккаунтта салмақты, сабырлы болуға тырысса, енді бір аккаунт­та көңілді, ашық мінезді адам ретінде танылуға құмартады. Ондай адамдар шынайы өмірде адамдармен араласуда, тіл табысуда қиналады. Ақыр соңында күйзеліске ұшырауы әбден мүмкін, – дейді ғалымдар. Мамандардың айтуынша, адамдарға виртуалды өмірде де, шынайы әлемде де өздерін бірқалыпты ұстауға көмектесетін тиісті ұсыныстар әзірлеу керек. Әйтпесе, күйзеліске түскен адам­дар көбейе береді. Нұрислам АСҚАР  
Соңғы жаңалықтар