• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы  №415

2001 рет
көрсетілді

2016 жылғы 30 маусым, Астана қаласы «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10288 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен құрамын айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен құрамын айқындаудың қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларында және құрамында: тақырыбы мындай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен құрамын айқындаудың қағидалары»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Комиссияның негізгі функциялары: 1) Қаулыға сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды (бұдан әрі – орган) балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа отбасына, патронаттық тәрбиеге не баланы қабылдайтын отбасыға орналастыру бойынша қолданылған шаралары туралы тыңдау; 2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды (бұдан әрі – балалар) асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды дайындау болып табылады.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Комиссия ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жанынан құрылады. Облыстың білім басқармасының, ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім бөлімінің басшысы (комиссия төрағасы), қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын маман (комиссия хатшысы), жергілікті атқарушы органдарының, ішкі істер органдарының және балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері комиссияға кіреді. Комиссия мүшелері комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Комиссияда қарауға жататын құжаттарды (баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, баланың әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттар, он жасқа толған баланың асырап алуға келісім беруі туралы өтініші) ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың органы дайындайды және олар түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады. Комиссия қарауына түскен материалдардың уақтылы және сапалы қаралуын қамтамасыз ету мақсатында комиссия төрағасы мен мүшелері оларды жеті жұмыс күні ішінде алдын ала зерделейді. Қарауға түскен материалдарды алдын ала зерделеу процесінде комиссия: комиссия отырысына шақырып алынуға немесе шақырылуға жататын адамдар тобын; материалдардың уақтылы және дұрыс қаралуы үшін маңызы бар мән-жайларды қосымша тексеруден өткізу, сондай-ақ қосымша материалдарды талап ету қажеттігін айқындайды.»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Комиссия қабылдаған шешім осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды нысанда (бұдан әрі - қорытынды) ресімделеді. Қорытынды көшірмесі үш жұмыс күні ішінде органға жіберіледі.». 2. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (М.С. Әбдікәрім) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды; 3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиеваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.САҒАДИЕВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 5 тамыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №14078 болып енгізілді.