• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2016

Елбасы Сербияға келді

242 рет
көрсетілді

Қазақстан Президентінің баспа­сөз қызметі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Сербия Респуб­ли­касына ресми сапары басталғанын хабарлады. Мемлекет басшысы Белград қаласына келді. Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Президенті Томис­лав Николичпен шағын және кеңей­тілген құрамда келіссөздер өткізеді. Оның қорытындысы бой­ын­ша бір­қатар екіжақты құжат­тарға қол қою көзделген. Бұдан бөлек, Қазақстан Президен­­ті­­нің Сербия Премьер-ми­нистрі Алек­сан­др Ву­чич­пен, Сер­бия Патриархы Ириней­мен кез­десуі, сондай-ақ Бел­град қа­ласын­да Жамбыл Жабаев­тың ескерткішін ашу салтанат­ты рәсіміне қатысуы жоспарланып отыр.