• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2016

Қазақстан бастамаларына арналған брифинг

409 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісі Қайрат Лама Шәріп Әмірліктерде аккредиттелген дипломатиялық корпус, Сыртқы істер министрлігі, компания­лар мен халықаралық ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарына арнап брифинг өткізді.  Брифингтің негізгі мақсаты шақырылғандарды Қазақ­стан Республикасының халық­аралық сахнадағы өзекті бастамаларымен таныстыру болды. Қазақстандық дип­ломат бри­фингке қатысушыларға Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы сәуірде Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит шеңберінде ұсынған «Әлем. ХХІ ғасыр» жалпы әлемдік дамудың жаһандық стратегиясы бойынша бастамасы туралы егжей-тегжейлі хабарлады. Ғаламдық қауіпсіздік проблематикасы әлемдік қоғамдастықтың алдында бұрын-соңды болмаған маңызға ие және Қазақстан Пре­зиденті өзінің манифесінде жаһандық бейбітшілік пен қақ­тығыстарды реттеуге жету үшін негізгі қадамдарды белгіледі. Брифингте елшілік тарапынан араб және ағылшын тілдерінде шығарылған «Манифест: Әлем. ХХІ ғасыр» брошюрасы ұсы­нылды. Бұл жерде елші негізгі мақсаты азаматтық қоғам мен үкіметтік емес және жастар ұйымдарын Ядролық қаруды сынауды тоқтату және ядролық қаруды сынауға жаппай тыйым салу туралы шарт­тың тезірек күшіне енуіне жәрдемдесуге тарту болып табылатын Мемлекет басшысының – АТОМ жобасы (Abolish Testing. Our Mission) бастамасының бел­сен­ді іске асып жатқанын атап өтті. Қ.Лама Шәріп Қазақстанның қауіпсіз әлем құрудағы белсенді ұстанымы әлемдік қоғамдастық тарапынан мойындалып, қолдау­ға ие болғанын хабарлады. Мұның мысалы ретінде Семей поли­гонының жабылуы мен Қазақ­станда МАГАТЭ туы астында Төмен байытылған ядролық отын банкін құруды айтуға болады. Сонымен қатар, елші брифингке қатысушыларға үстіміздегі жылғы 29 тамызда Астанада Семей ядролық полигонының жабы­луының 25 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» тақырыбындағы халықаралық конференция өтетінін және оған беделді саясаткерлер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің қатысатынын хабарлады. Қазақстандық дипломат шет мемлекеттер елшілеріне үстіміз­дегі жылғы маусымда өткен 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесін сайлауда Қазақстанның кандидатурасына қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді. Брифингтің соңында іс-шара­ға қатысушыларға Қазақстан Республикасының сыртқы сая­си бастамаларына арналған ақпарат­тық-имидждік материалдар таратылды. «Егемен-ақпарат»