• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2016

Ынтымақтастықтың жаңа жолдары

288 рет
көрсетілді

Тель-Авивте Қазақстан Республикасы Қор­ға­ныс министрінің Из­раиль­ге ресми сапары шеңберінде екі елдің қор­ға­ныс ведомстволары бас­шыларының кездесуі өтті. Бірінші кезекте Иманғали Тасмағамбетов Авигдор Ли­бер­манды қорғаныс ведом­ствосының басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, оған мемлекеттің әскери қауіпсіздігін нығайту ісінде сәттілік тіледі. Қазақстан Қорғаныс минис­трлігі басшысының айтуынша, елдеріміздің арасындағы дипломатиялық қарым-қаты­нас басталғалы ширек ғасырға таяп қалыпты. Осы жылдар ішінде орасан жұмыс атқарылды. Қазақстан мен Израиль арасында барлық салада тығыз ынтымақтастық ретке келтірілді. «Өздеріңіз білетіндей, кез келген мемлекеттің тиімді дамуының негізгі шарты оның қауіпсіздігі болып табылады. Сіздердің елдеріңізбен қорғаныс саласындағы қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екеніміз заң­дылық. Ол үшін бізде әскери-техникалық ынтымақтастық аясындағы мықты құқықтық база бар», – деді Иманғали Тасмағамбетов. Достық рәуіште өткен кездесуде Қазақстан мен Израиль қорғаныс ведомстволарының басшылары өзара мүдделіліктен тұратын, оның ішінде, екіжақты қарым-қатынасқа қатысты мәсе­лелерді талқылады. Армиямыз жауынгерлік даярлық бойынша ұтқырлық пен тиімділік деңгейін дамыту жолында ілгерілеп келеді. Осыған орай, дағдарыстық ден қою операцияларына арналған арнаулы мақсаттағы армия күштерін тарту аясындағы израильдік тәжірибені зерделеу белгіленген мақсаттарды іске асыру үшін бірегей тұғыр­намадан тұрады. Сондай-ақ, қауіпсіздік аясында ақпарат алмасу маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Жоғары технологиялық қару-жарақты өндіру бойынша мәселе қаралды. Кездесу барысында Қазақ­стан­дағы израильдік технология бойынша ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) бірлесіп шығару жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Әскери және азаматтық мақсаттарда ҰҰА қол­данудың әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, тактикалық ҰҰА құрастырып шығару және техникалық сүйемелдеуді ұйым­дастыру қажеттілігі туындайды. «Аталған жоба тиісті технологияларды алған және мамандарды оқытқан жағдайда ҰҰА құрастырып өндіру және сервистік қызмет көрсетуді ұйым­дастыру үшін қажетті өн­діріс қуаты мен кадрлық әлеуе­ті бар Астанадағы авиациялық-техникалық орталықта іске асырылатын болады», – деді Қазақ­станның Қорғаныс министрі кездесу барысында. Одан басқа, израильдік ҰҰА операторларын дайындау ор­талығының базасында қазақ­стандық әскерилерді оқы­тып-үйрету бойынша келісім бар. Өз кезегінде, Израильдің Қорғаныс министрі бұл сапар қорғаныс ведомстволарының өзара іс-қимылының әрі қарай дамуына жағымды ықпал ететінін атап өтті. «Барлық конфессиялар мен ұлттар бейбіт өмір сүріп жатқан ел ретінде Қазақстанды жоғары бағалаймыз. Мұның барлығы Қазақстан Республикасы Прези­дентінің сарабдал саясатының арқасында. Әскери-техникалық ынтымақтастыққа қатыстының бәрін біз қолдаймыз және бел­гіленген жоспарларды іске асыру үшін барлық қолдан келетін нәрсені жасауға тыры­самыз. Заманауи соғыстың алдыңғыдан айырмашылығы ар­мияның дәл­дігі жоғары қаруынсыз сәтті бола алмайтынымен байланысты», – деді Авигдор Либерман. Ресми сапар аясында Қазақ­стан Республикасы Қорға­ныс министрінің басшылық етуімен қазақстандық әскери делегация бірқатар әлемдік әскери техника өндіруші компанияларға барды. «Elbit Systems» әртүрлі қару-жарақ түрлерін, авионика, радиолокация жүйелерін дайындайды және жаңғыртады, сондай-ақ, ғарыштық барлау Жер серіктерін әзірлеп шығарады. Ал «Rafael» компаниясы әуе шабуылынан қорғаныс жүйелерінің зымыран және авиациялық технология­ларын, тактикалық зымыран қаруын жасайды. Сәулебек БІРЖАН