• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2016

Ата Заң аясында

376 рет
көрсетілді

Еліміз тәуелсіздігін нығайтуға, келешегіне бағыт-бағдар жасауға және бүгінгі заманғы ұстанымына бас­тау болатын, заңдарының негізін қалаған Ата Заңы­мыз­дың қабылданғанына да біраз уақыт болды. «Біз қазақ мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз, достықты сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз», деп Қазыбек би бабамыз атап кеткендей, қазақ халқы сонау Қазақ хандығының іргесі қаланғаннан бері сан қилы оқиғаларды, аумалы-төкпелі кезеңдерді бастан кешті. Тәңірге тәубе, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен тәуелсіздігімізді алып, ел болып еңсе түзедік. Қазақстандық ел басқару үлгісі, экономиканы көтеріп, дағдарыстан алып шығу тәсілі қай елге болса да үлгі боларлықтай. Қазіргі таңда Қазақстан әлемдік саясатта, экономикада, өзге де салаларда өзіндік орны мен айбынды күші бар мемлекетке айналды. Көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі. Тәуелсіздік арқасында қол жеткізген жетістіктеріміз жетерлік. Әрбір қазақ еңсесін жоғары ұстап, «Мен қазақпын!» деп зор мақтанышпен айта алатындай жағдайға жетті. Осының барлығы Конституциямызды қабылдап, мемлекеттігімізді нығайтудың арқасында мүмкін болып отыр. Ата Заңымыздың басты көздейтін нысаны – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Негізгі Заңымыз тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық және мемлекеттік құрылысының іргелі қағидаттарын бекітіп, демократиялық институттардың дамуына қуат берді. Қоғамдық тату­лық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін эконо­мика­лық даму, қазақстандық патриотизм және мемлекет өмірінің аса маңыз­ды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу – республика қыз­метінің түбегейлі принциптері болып бекітілді. Демек, қорыта айт­қан­да, Конституция – Қазақ жерінде өмір сүретін барлық халық өкіл­дері­нің бірлігіне, теңдігіне кепілдік беретін, сондай-ақ барлық билік тар­мақ­тарының қызметіне бағыт беріп отыратын негізгі құжат. Еліміз бен қоғам тұрақтылығының, болашаққа деген сенім мен халқымыздың жақ­сы тұрмысының, лайықты өмірінің кепілі – Ата Заңымыздың мерейі үстем бола берсін! Гүлжан ӘЖІҒАЛИЕВА, Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы