• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2016

Моңғолияда қарақшылар банкті тонап кетті

332 рет
көрсетілді

«Өнөөдөр» газетінің хабарлауынша, суық қару асынған белгісіз екі адам Мандах Дорноговь аймағындағы «Хаан» банкінің филиалын тонап кеткен. «Қарақшылар 20 млн түрік (шамамен 9 мың доллар) пен қызметкерлердің ұялы телефондарын алған. Бетперде киген олардың бойы 170 см., жастары 18-20 шамасында. Қазіргі таңда іздестіру шаралары жүріп жатыр», – дейді жергілікті полицейлер. Айта кетейік, Моңғолия елінің Қылмыстық кодексі бойынша тонау әрекетін жасаған қылмыскер 10-20 жыл аралығында бас бостандығынан айрылады. Талғат РАЙЫМБЕК