• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2016

Түркия ЕАЭО-ға мүше болуға ниет білдірді

263 рет
көрсетілді

Түркия Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуға ниет білдіріп отыр. Бірақ ол мұны өзінің Еуропа одағымен қарым-қатынасына залал келмейтіндей етіп жасағысы келеді. Daily Sabah газетінің жазуынша, бұл туралы Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекчи мәлімдеген. «2015 жылғы 24 қарашада Ресейдің ұшағы жойылып жіберілгенге дейін біз бұл жөнінде Ресеймен келісім жасасып жатқанбыз. Ресей президенті Путиннің Түркияға соңғы сапары кезінде біз Ресей экономика министрімен бірге Еркін сауда аймағын құру туралы негіздемелік келісімге қол қойғанбыз. Енді сол келісімді жалғастырып, мүмкіндігінше тезірек аяқтағымыз келеді», - деді Зейбекчи. Оның айтуынша, Еркін сауда аймағы қызмет көрсету мен инвестицияның бірінші секторын қамтитын болады. Бұдан әрі тараптар мұнда өнеркәсіп өндірісін, соның ішінде ауыл шаруашылығы секторын кіргізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Зейбекчи Түркия өзінің Еуропа одағымен байланысына залал келмейтіндей шарт арқылы ЕАЭО-ға мүше болуға да қарсы емес екенін жеткізді. «Ресей құрамына Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан және Армения кіретін Еуразиялық кеден одағын басқарады. Әрине, біз Еуразиялық кеден одағында болғымыз келеді. Алайда, ол Түркияның Еуропа одағына кіру үдерісіне кедергі келтірмейтіндей болуы керек», деді ол. Мұрат АЙТҚОЖА