• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2016

Бұдан ширек ғасыр бұрын Горбачев Бас хатшылықтан кетті

363 рет
көрсетілді

Бұдан тура 25 жыл бұрын, 1991 жылғы 24 тамызда Кеңес Одағының бірінші және соңғы президенті Михаил Горбачев өзінің Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің (КОКП) бас хатшылығы қызметінен кететінін жариялады. РИА «Новости» агенттігінің жазуынша, бұған сол кезде елде орын салған саяси жағдайлар мен өзгерістер себеп болған. Михаил Горбачевтің өзі арада ширек ғасыр өткеннен кейін мұндай шешімге барудың өте қиынға түскенін, бірақ өткен өмір жолындағы орын алған нәрселердің бәріне білдіретін өкпесі жоқ екенін айтты. Бірқатар сарапшылар оның мұндай қадамға баруын тарихи ахуал белгілеп қойғанын, бұдан басқа жол қалмағанын мәлімдеді. Келесі бір саясаттанушылар сол кезде оның отставкаға кетуінің ешқандай саяси құны қалмағанын, мұның тек тарихи оқиғаны тіркеуге ғана жарайтынын атап өтеді. Сол 1991 жылдың желтоқсан айында Горбачев КСРО президенті деген лауазымның да уәкілеттігін тоқтатуға мәжбүр болды. Мұрат АЙТҚОЖА