РИА «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Италияда болған зілзаладан 21 адам қаза тапқан. Жергілікті билік өкілдері қираған үйінділер астында опат болғандар болуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Қазіргі таңда Аматиче қаласында құтқару жұмыстары жалғасуда.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Италияның Перуджа қаласының оңтүстік-шығысында 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелген болатын.
Айта кетейік, бүгін Франция елі Италияға гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Талғат РАЙЫМБЕК