• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2016

Өндірісті өңір өрісі

273 рет
көрсетілді

Үкімет басшысы Қарағанды облысына жұмыс сапары аясын­да өңірдегі металлургия саласының даму әлеуетін бағалады. Премьер-Министр Кәрім Мә­сімов­ке «Қазақмыс Корпора­ция­сы» ЖШС басқарма төрағасы Бақ­тияр Қырықпышев компанияның құ­ры­­лым­дық бөлімшелерінің және түс­ті метал­­лургияның әлемдік нарық­та­ғы жә­не еліміздегі әлеуеті жөнінде баяндады. Өткен жылы корпорацияның бө­лім­­шелері, соның ішінде Жезқазған мыс қорыту зауыты шамамен 223 мың тонна катодты мыс өндірді, бұл – жос­­пар­дағы көрсеткіштен 3 пайызға ар­­тық. Әлемдік экономиканың қиын­д­ы­ғы­­на, сұраныс пен бағаның төмен­ді­гі­­не қарамастан, кәсіпорын тобы мыс өн­дірісін 2014-2015 жылдардың көлемі­мен бірдей деңгейде ұстап тұруға ниетті. 2016 жылдың алғашқы жарты­жыл­дығында корпорация бөлімше­лері 111 мың тонна катодты мыс өн­дір­ді, бұл өткен жылдың сәйкес кезе­ңі­мен салыстырғанда 8 пайызға ар­тық. Қазіргі таңда кәсіпорын ескі тех­но­ло­гия­лар – пирометаллургияны (элек­тр бал­қыту) қолдану арқылы мыс өндіреді. Мұнымен қатар, төменгі сұры­п­талған гидрометаллургиялық қай­та өңдеу шикізаты арқылы катод­ты мыс алу үшін сынақ жұмыстарын жүргізеді. Компания Қазақстанда мыс кон­центратын өндіру бойынша екі гидрометаллургия зауытын салуды жоспарлап отыр. Өз кезегінде Қарағанды облысы­ның әкімі Н.Әбдібеков Премьер-Министрге Жезқазған өңірін әлеу­меттік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру жөнінде есеп берді. Оның сөзіне қара­ған­­да, 2020 жылға дейін өндірістік кәсіпорындарды жөндеуден өт­кізу, инфрақұрылым құрылысы, гео­ло­гия­лық барлау жұмыстары жөнінде 88 іс-шара өткізу көзделіп отыр екен. Қазіргі уақытта 28 іс-шара аяқталып, осы жылы тағы 7 жоба жүзеге асырылады. Сондай-ақ, жұмыс сапарының аясында Кәрім Мәсімов Жезқазғанда сүт өнімдерін өңдеудің жаңа техноло­гияларымен танысты. Мамандандырылған азық-түлік өндіретін «BAYAN компа­ния­сы» ЖШС жаңа кешені Индустрия­ландыру картасы аясында өткен жылдан бастап жұмыс жасай баста­ды. Қазіргі таңда цех айрықша техно­логия бойынша әзірленетін 48 тонна сүзбе өнімін шығарады. Сондай-ақ, компания дәрумен қосылған сүт және шырын өндірісін жолға қойған. Серіктестіктің бас директоры А.Ысқақова Үкімет басшысына өнім­дер­дің негізгі бөлігі жергілікті түс­ті метал­лургия кәсіпорындарына өт­кі­­зі­летінін, ал қалған көлемі Жез­қаз­­ған, Сәтбаев қалаларына және Ұлы­тау ауданының елді ме­кен­­­дерін­­дегі дүкен сөрелеріне жібе­рі­летінін мәлімдеді. Сондай-ақ, Кәрім Мәсімовке азық-түлік өндірісі бойын­ша технологиялық желілер жұмы­сы таныстырылып, кәсіпорында шыға­ры­латын өнімнің түр-түрі көрсетілді. Қарағанды облысы әкімінің орын­­басары Ғ.Жұмасұлтановтың мәлі­метін­ше, өткен жылы өңірдің ауыл шаруа­шылығы кәсіпорындары 162,9 млрд теңгенің өнімін шығарған. Облыста 127,1 мың тонна ет, 403,6 мың тонна сүт, 624,5 млн дана жұмыртқа және 2 мың тоннадан астам жүн өндіріліпті. Аймақтық Индустрияландыру картасына жалпы құны 25 млрд теңге болатын агроөнеркәсіп кешенінің 10 инвестициялық жобасы кіреді. Жаңа жобаларды іске қосу 925 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан» Қарағанды облысы