• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2016

Балғын геологтар бәйгесі

333 рет
көрсетілді

Көрікті Бурабай төріндегі «Звезд­ный» балаларды сауықтыру орталығында Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Жас гео­логтардың IV қазақстандық ашық дала олимпиадасы бас­тал­ды. Байқауға 8-9-10 сынып оқу­шыларынан тұратын жас гео­логтардың 21 командасы қа­тысуда. Маңызды шараға елі­міздің барлық өңірлерінен және Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан да өкілдер шақырылған. Халықаралық олимпиада  қатысушыларын Қазақстан Рес­публикасы Инвестициялар және даму вице-министрі Ти­мур Тоқтабаев, Геология және жер қойнауын пайдалану ко­митеті, «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басшылары құттықтап, жарыс байрағын биік ұстауға тілектестігін білдірді. Жас геологтар олимпиадасының негізгі мақсаттары мен міндеттері – геологияны ғылым ретінде және оның қолданбалы мәнін көп­шілікке танымал ету, жастарға кәсіби бағдар беру, оқушылардың геология ғылымын зерделеуге ықыласын ояту, дарынды балаларды анықтау, әрі оларға қолдау көрсету болып табылады. Олимпиада бағдарламасына сәйкес, жас геологтар әртүрлі геология пәндері бойынша, атап айтқанда, палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия мен петрография, пайдалы қазбалар геологиясы және басқа бағыттарда білімдерін сарапқа салуда. Бұдан басқа, көптеген мәдени, спорттық іс-шаралар, көркемөнерпаздар, жас суретшілер байқауы мен фотоконкурстар тартысты өтіп жатыр. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы