Қазақстан Республикасының азаматы Ариф Ахмедовті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін құқық қорғау органдары оны Әзербайжаннан елге әкелді. А.Ахмедов аса ірі көлемде есірткі заттарын алдын ала сөз байласқан адамдармен бірге өткізу мақсатымен сатып алғаны және сақтағаны үшін айыпталған.
Оны қайтару туралы шешімді Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ағымдағы жылдың шілде айында Әзербайжан Республикасының Бас прокуратурасы қабылдады. Қазіргі күні Ахмедов Астана қаласының тергеу оқшаулағышына қамауға алынды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.