Астанада Қорғаныс министрлігінде ТМД елдерінің қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері бойынша үйлестіру комитетінің 45-ші отырысы өтті. Оған Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.
Отырыста әуе шабуылына қарсы қорғаныс мәселелері талқыланды.
1995 жылғы 10 ақпанда Алматы қаласында ТМД елдерінің әуе шабуылына қарсы қорғанысының біріккен жүйесін құру туралы жаңа редакциядағы келісімге қол қойылды. Бастапқы келісімге 1992 жылғы 6 шілдеде Мәскеу қаласында қол қойылған болатын. Содан бері аталған кеңес әуе кеңістігінде ТМД елдерінің шекараларының күзетілуін қамтамасыз ету, әуе-ғарыштық жағдай туралы бір-бірін хабардар ету, зымыран және әуе шабуылы туралы ескерту мәселесімен айналысып жатыр.
Дастан КЕНЖАЛИН