• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2016

Еңбек нарығындағы елеулі нәтиже

360 рет
көрсетілді

 Әрине, еліміздегі еңбек нарығын нығайтуға арналған іс-шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып отырды. Бұл бағдарламалардың бәрі жұмыссыздықты ауыздықтауға, халықты жұмыспен қамту жүйесiн жетiлдiруге бағытталғаны анық. Алайда, 2008 жылдың күзінен әлемдiк қаржы-экономикалық дағдарыстың әсерi еңбек нарығында да байқала бастады. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасымен жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы әзірленді. Бұл, әсіресе, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеді. Нақтырақ айтар болсақ, «Жол картасы» аясында 2009-2010 жылдары барлығы 497 әлеуметтік саладағы нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аталған жұмыстарға 21 мыңнан астам адам  тартылып, еңбекақымен қамтамасыз етілді. Осы жылдары қомақты қаражат қаралып, жұмыссыздар мен жас мамандарды әлеуметтік қолдау ерекше маңызға ие болып, жұмыс орындары мен «Жастар практикасы» бағдарламалары кең көлемде жүргізілді. 2009-2010 жылдардағы «Жол картасының» тағы бір ма­ңызды бағыты кадрларды даярлау болатын. Қайта даярлау аясында кәсіптік оқыту курстарымен 8 мыңнан астам адам қамтылды. Мұның бәрі азаматтардың бәсе­келестігін арттыруға, жұмыс­пен қамтылуына ықпал еткені сөзсіз. Осы жүйелі түрде жүргізілген жұмыссыздықтың өсуінің алдын алу шараларының нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін 2000-2010 жылдары аралығында 14,4 пайыздан 5,7 пайызға дейін төмендетуге қол жеткіздік. Дегенмен, «Жол картасы» аясында азаматтар негізінен уақыт­ша жұмыспен қамтылған болатын. Мемлекет басшысы өзi­нiң 2011 жылғы «Болашақтың iрге­сiн бiрге қалаймыз!» атты Қазақ­стан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиiмдiлiгiн арт­тыру, табысы аз адамдарды, жұмыс­сыздар мен өз бетiнше жұ­мыспен айналысушыларды осы бағыттағы бағдарламаларға тарту мiндеттерiн жүктеп, соның негізінде «Жұмыспен қамтудың  жол картасы-2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Жалпы алғанда, облыс­та аталған жол кар­тасын қаржыландыруға 2011-2015 жылдары барлығы 18,7 млрд теңге бөлінді. Осы жылдар ішінде бағдарлама аясында 32 мың адам жұмыспен қамтылса, оның 77  пайызы тұрақты негізде жұмысқа орналасқан. Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 448 ин­фра­құрылымдық жоба іске асырылып, осы жобаларда ашылған жұмыс орындарына 5 476 адам жұмысқа тартылды. Ал бағдарлама аясында 4 960 адам кәсіптік оқытуды аяқтап, 4 037 адам немесе олардың 81 пайызы тұрақ­ты жұмысқа орналасты. Енді, міне, биыл да жұмыспен қамту саласындағы жұмыстар жалғасын табуда. Жамбыл облы­сы бойынша ағымдағы жылы 24 560 адамды жұмыспен қам­ту жоспарланған болатын. Жүр­гізіл­­ген мониторингке сәйкес, ағым­дағы жылдың 1 тамызына бұл жоспар 59,6 пайызға орындалып, барлығы 14 659 адам жұмыспен қамтудың белсенді түрлерімен қамтылып отыр. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» жол кар­тасын» қаржы­ландыруға 2016 жылға барлығы 8 258,1 млн теңге қаралып, бар­лығы 3 752 адам жұмысқа орналасса, оның ішінде 68,7 пайызы (2 576 адам) тұрақты жұмысқа қабылданды. Бағдарламаның бірінші бағыты аясында барлығы 81 жоба бойынша жөндеу жұмыстарына 4 302,8 млн теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге 77 жоба бойынша жұмыстар басталып, барлығы 1 089 жұмыс орын­дары ашылып, 576 адам жұмыспен қамту орталықтарының жолдамаларымен жұмысқа жолданды. Бағдарламаның екінші бағыты, яғни, ауылды жерлерде шағын кәсіпкерлікті өркендетуге кеңінен жол ашып отыр. Бұл бағыт шағын несиелендіру жолымен өз істерін ашу немесе кеңейту арқылы кәсіпкерлікті ынталандыруды, ха­лықтың әл-ауқатын арттыруды, олардың инфрақұрылымдарын дамыту мен жақсартуды және кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды көздейді. Мұнда негізгі басым­дық ауылдық жерлерде жеке өз ісін ұй­ым­дас­тыруға ниет біл­дірушілерге беріледі. Несие мақ­сатты түрде өз ісін ашуға немесе ұлғайтуға, айналымдағы капиталды толықтыруға беріледі. 2011-2015 жылдар аралы­ғында облыс бойынша 2 067 адам барлығы 4 457,0 млн теңгеге шағын несие алды. Ал 2016 жылы 831 адамды қамтуға барлығы 3 239,4 млн теңге қарастырылып отыр. Республикалық бюджет есебінен кәсіпкерлік негіздеріне 372 адамды оқытуға 13,5 млн теңге, 831 адамға шағын несиелер беруге 3 225,9 млн теңге қаражат бөлінген. Осы кезге дейін барлығы 242 адамға 670,5 млн теңгеге шағын несие берілді. Оның ішінде, республикалық бюд­жет есебінен 219 адамға 602,2 млн теңге, мерзімінен бұрын өтелген шағын несие қаражаттары есебінен 23 адамға 68,3 млн теңгенің шағын несиесі беріліп, тұрақты 119 жұмыс орны ашылып отыр. Алғашқы жылдары негізінен мал шаруашылығымен айналысуға ғана несие алатын болса, қазіргі кезде әрбір ауданда кәсіпкерлікті дамыту карталары бекітіліп, соған сәйкес өз ісін ашушылардың кә­сіп түрлері көбейіп келеді. Со­­­ның ішінде негізгілері – мал ша­­руа­шылығы, егін өсіру, құс ша­руашылығы, бал арасын өсіру, азық-түлік өнімдерінің түрлерін өндіру, тігін өндірісі, жиһаз жасау, шаштараз қызметі, компьютер жөндеу, суретхана, түрлі сусын өндіру, көліктерге техникалық қызмет көрсету, наубайхана, монша қызметі және т.б. Яғни, несие алушылар нарық қажеттілігіне сәйкес жылдан жылға жаңа кәсіп түрлерін меңгеруде. Қорыта айтқанда, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020-ның» екінші бағытын іске асыру нәти­жесінде ауыл халқының әлеу­меттік қорғауға мұқтаж бөлі­гінің ахуалы біршама жақсы деңгейге көтеріліп, бұл бағыт ауылда кәсіп­керлікті дамы­туға кең өріс ашып отыр. Бағдарламаның үшінші бағыты аясында 275 адамның 271-і оқуын аяқтап, оның 239-ы жұ­мысқа орналасты. Енді, қалған 32 адамды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Міне, осындай тынымсыз ең­бек­тің арқасында және жұ­­мыс­­­пен қамтудың белсенді түр­­лерін іске асыру нә­ти­же­сінде жұ­­мыс­сыз­дық деңгейін 2011 жыл­ғы 5,5 па­йыз­дан 2016 жыл­дың 1 тоқ­са­нында 4,9 па­йызға дейін тө­мен­детуге қол жет­кіз­дік. Бұл, әри­не, үлкен жетістік.  Жорабек БАУБЕКОВ, Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы