• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2016

Бас прокурорлар кездесті

273 рет
көрсетілді

Кеше еліміздің Бас Прокуроры Жақып Асанов Сербияның Бас прокуроры Загорка Доловацпен кездесті. Онда тараптар алдағы қыл­мыс­тық істер бойынша өзара құқық­тық көмек көрсету аясында Қазақстан мен Сербия ара­сындағы халықаралық-құқықтық қатынастар барысын талқылады. Осылайша екі елдің құзырлы ве­домство­сының басшылары ха­лық­аралық және аймақтық қауіп­­сіз­дікті қамтамасыз ету мақ­сатын­да жалпы стратегиялық міндет­терге байланысты мәселелер жөніндегі ықпалдастықты нығай­ту­дың өзектілігін атап өтті. Сөй­тіп, кездесу нәтижесінде Ж.Аса­нов З.Доловац ханымға екі ел ара­сындағы құқықтық ынтымақ­тастықтың тиімділігін атап өтіп, жылы қабылдауы мен сындарлы сұхбатқа шынайы ризашылығын білдірді, деп хабарлады Бас проку­ратураның баспасөз қызметі.