• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2016

Бауырлас елмен байланыс беки түседі

218 рет
көрсетілді

Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уяныкпен алғашқы ресми кездесу өткізіп, Қазақстан-Түркия ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Тараптар екі мемлекет бас­шы­ларының мемлекеттік сапар­лары мен кездесулерінің арқа­сында екіжақты қарым-қаты­нас­тың жыл сайын жоғары деңгейде дамып келе жатқанына тоқталды. Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаев Түркияда іске аспай қалған әскери төңкеріс жасау әрекетінен кейін алғашқы болып Анкараға ресми сапармен барды. Невзат Уянык өз кезе­гінде бұл сапарды Түркия хал­қы мен Үкіметінің өте жоға­ры ба­ғалағанын, сонымен қатар, бұл сапар әлем алдында Қазақ­станның қолдауын айғақтай отырып, нағыз достық пен бауыр­ластықты дәлелдегенін айтты. Мәжіліс Спикерінің айтуынша Түркия халқы осы кезеңде өз басшыларын қолдау арқылы демократиялықтың жоғары үлгісін көрсетіп, ауыр сынақтан лайықты өтті. Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы елшіге және бүкіл түркі халқына жантүршігерлік лаңкестік оқиғадан кейінгі қайғылы жағдайға байланысты көңіл айту білдірді. «Қазақстан лаңкестік әрекеттің кез келген түрін қатаң айыптайды және оған қарсы батыл күрес жүргізе отырып, осы бағытта халықаралық қоғамдастықпен белсенді іс-қимыл жасайды», деді Н.Нығматулин. Н.Нығматулин Қазақстан Пре­зидентінің Ресей мен Түркия ұстанымдарын жақындас­тыру­дағы маңызды әрі сындарлы рөлін алға тартып, Қазақстан әрқа­шанда Түркияның страте­гия­лық сенімді серіктесі әрі досы болып қалатынын атап көрсетті. Өз кезегінде елші Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген әрі са­ли­қалы саясатының нәтижесінде Қазақстанның 25 жылдық мерей­тойға қарқынды даму табысымен келгендігі барша түркиялықты тәнті ететінін алға тартты. Парламентаралық байланыс мәселесін де назардан тыс қалдырмаған кездесу иеле­рі екі ел депутаттарының ынты­мақ­тастық жөніндегі топтар мен халықаралық парламенттік ұйымдар арқылы бірлесе бел­сенді жұмыс атқаруға дайын екендіктерін жеткізді.