• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2016

Жамбыл сербше жырлайды

273 рет
көрсетілді

 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҰҒА академигі Ерлан Сыдықовтың серб тіліндегі тұңғыш «Жамбыл. Ұлы Дала жыршысы» атты кітабы  таныстырылды.  Қазақстан Республикасы­ның Венгриядағы Елшілігінің қол­­дауымен өткізілген шара­ға Сербия Мәдениет және ақпа­рат министрлігінің, Сер­бия Жазу­шылар одағының басшы­лы­ғы мен мүше­лері, Белград зия­лы қауы­мы, сондай-ақ, дипло­ма­тия­лық корпус өкілдері қатысты. Кітапты серб тіліне аударған – Белград университетінің профессоры, танымал тәржімашы Ольга Маркович. Кітаптың алғысөзін Елба­сы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың өзі жазған. Бұл – фашизмге қарсы соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына және көрнекті ақын Жамбыл Жабаевтың туғаны­на 170 жыл толуына арналған бірегей еңбек. Кітаптың ерекше құндылығы – даңқты ақын туралы кең мәліметтің серб оқырманына алғаш жетуінде және Ұлы Дала тұлғасын танытуда. Бұл еңбекте мұрасы әлем мен Қазақ елінің рухани алтын қорына қосылған біртуар ақын­ның өмір жолы жаңаша байыптаулармен жазылған. Басылым 3 бөлімнен тұрады. Шара барысында серб та­рапы­ның өкілдері мұндай акция­лар қазақ халқының мәдениеті мен өнерін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін жете әрі терең түсінуге, кең танысуға мүмкіндік беретінін айтты. Жалпы, мұндай шара­лар Қазақстан мен Сербия арасын­дағы ынтымақтастықтың мәдени бағытын нығайтуға септігін тигізетіндігі ерекше аталып өтті.