• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2016

Көрімдікке көлік сыйлады

467 рет
көрсетілді

Екібастұз қаласындағы №36 мектеп-лицей Коституция күні және жаңа оқу жылының бастал­уы қарсаңында ашылды. Мектеп құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған. Жобаның құны 1,3 млрд теңгені құрайды. Өздері құрылысын жүргізген мердігер «Портал-ПВ» ЖШС оқушыларға 44 компьютер сыйға тартыпты. Қазақ тілінде білім беретін бұл мектеп-лицей «Назарбаев интеллектуалдық мектебінің» білім жүйесіне негізделіпті. – Мектепте 45 кабинет бар, физика, биология, химия кабинеттері арнайы құрылғылармен жаб­дық­талған. Екі информатика ка­бинетіне 30 компьютер орна­тылған. Мектепте оқу залы, кітап­­хана және 374 орындық зал, ме­ди­­циналық кабинет, психолог кабинеті бар. Футбол алаңы, спорт­­тық ойындарға, жеңіл атлетика және гимнастикаға арналған алаң­­дар, волейбол және баскет­бол алаңдары жасақталған. Спорт алаң­дары гимнастикалық қабырғалармен жабдықталған, доп лақтыруға арналған дискілер мен торлар, құмсалғыш, әткеншектер құрылды, – дейді мектеп-лицей директоры Гүлнар Сыбанқұлова. Мектеп асханасы 350 оқушыға арналған, сонымен бірге, мектеп жанынан жылыжай салынған. Балалар жыл бойы ол жерде көкөністер өсіріп, тəжірибелік сабақ­тарын жасайды. Мектеп аума­ғы абаттандырылып, жолдар бетонмен асфальттанған, аулада қарағай, қайың, сүмбіл терек, шетен, далалық алтын түстес қарақат егілген, көпжылдық гүлзарлар жасалған. Кеншілер қаласы жұртшы­лығын жаңа мектептің ашылуы­мен құттықтаған облыс әкімі Болат Бақауов көрімдікке ГАЗель автокөлігінің кілтін табыстады.  Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» ЕКІБАСТҰЗ