• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2016

Мерейлі марапаттар

317 рет
көрсетілді

Рио-де-Жанейродағы  жазғы  Олимпия ойындарынан  жүлдемен оралған спортшыларды жетісулықтар да ерекше құрметпен қарсы алды. Осыған арналған шара Талдықорғандағы Оқушылар сарайында салтанатта жағдайда өткізілді. Жиынды Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләзат Тұрлашев ашты. – Әлемнің 205 елінен бас қосқан кіл мықты­лардың арасында Қазақстан спортшылары да өздерін жақсы қырларынан танытты. Олардың арасында Жетісу өңірінің саңлақтары да болды. Атап айтқанда, біздің жанкүйер қауым сол күндері ауыр атлеттер сайысында көрік қыздырған Карина Горичева мен Маргарита Елисееваның, сондай-ақ, боксшы Жәнібек Әлімханұлының жақсы өнерлеріне тәнті болды. Облыстан осындай спортшылардың Риода көрінуі біз үшін де мақтаныш, – деді ол өзінің сөзінде. Бұдан кейін жиын Ойындар жүлдегері мен қатысушыларын марапаттау рәсіміне жалғасты. Онда облыс әкімінің орынбасары ауыр атлеттер сайысында қола медальға қол жеткізген Карина Горичеваға 10 млн теңгенің, ал бесінші орынды иеленген Маргарита Елисееваға 3 млн теңгенің сертификаттарын тапсырды. Сөйтіп, Бразилия жерінде көк байрағымыздың көтерілуіне еңбек сіңіре білген зілтеміршілерге ел алғысы білдірілді. Сонымен қатар, бұл күні өңір спортының өрлеуіне өзіндік еңбектерін сіңірген ардагер спортшылар мен осы сала қызметкерлері «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен және облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Нұрбол Әлдібаев, «Егемен Қазақстан»  ТАЛДЫҚОРҒАН