• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2016

Кәсіпкерлік аясы кеңейіп келеді

357 рет
көрсетілді

Кез келген істі бастау үшін бастапқы капитал қажет. Ал банк­терден несие алу ауыл кәсіп­керлері үшін іс жүзінде оңай емес. Десек те облыс орталығынан 350 шақырым қашықтықтағы Қызылқоға ауданында да кәсіпкерлік қанат жая бастады. Кәсіпкерлер мен кәсіп ашуға ынта танытушылар 2013-2015 жылдары 1338,6 млн теңгенің несиесімен қаржыландырылды. Соңғы үш жылда аудан бойынша 80 кәсіпкерлік нысан (наубайхана, жылыжай, сауда орны, қызмет көрсету орындары және т.б.) іске қосылып, 161 жаңа жұмыс орны ашылды. Қазір ауданда 1223 бизнес субъектісі ресімделген. Ағымдағы жылдың 7 айында әртүрлі бағдарламалар арқылы 38 жоба жүзеге асты. 103,4 млн теңге несиеге қол жеткізілді. Осы жылы іске қосу жоспарланған 31 кәсіпкерлік нысанның 12-і іске қосылып, бизнестерін жүргізуде. Ауданда кәсіпкерлікті дамытудың картасы жасақталып, осы картада әр ауылдық округтегі ашылатын бизнес орындары нақты жоспарланған. «Ауыл ша­руашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы несие алып, кәсібін дөңгелетіп отыр­ған 7 наубайхана қызметі нан және нан өнімдерімен қатар әртүрлі тортқа тапсырыс­тар қабыл­даса, М.Әбішева басқаратын «Назгүлім» шаруа қожалығының шағын ет өнімдері цехы котлет, фрикадельки, тұшпара жасап, тұтынушыға ұсынуда. Жеке кәсіпкерлер Н.Молдағалиева мен Е.Оңғарбаев ашқан жиһаз жасау цехтары қазіргі заманға лайық жаңа құрал-жабдықтармен қамтылып, өнімдері жоғары сұранысқа ие болып отыр. Пластикалық цех ашу үшін несиемен қаржыландырылған жеке кәсіпкерлер Е.Жұмагереев, Қ.Беркалиев, С.Маңғыбаев өз жобаларын іске қосып, жергілікті халықтың тапсырысын қамтамасыз етуде. Сондай-ақ Миялы ауылынан жеке кәсіпкер О.Нұрадиновтің Қызмет көрсету орталығы 20 орындық асхана, шаштараз, тігін тігу сияқты шағын қызмет түрлерін қолға алса, Сағыз ауыл­ында жеке кәсіпкер А.Тайшыбаеваның сауда орталығы іске қосылып, 15 сауда жасаушылар осы жерден өз кәсіптерін жасауда. Халыққа монша, шаштараз, сән салондары қызметтерін көрсетуде. Мәселен, Қ,Айтуғановтың 20 орындық «Монша және шаштараз», А.Қауашеваның «Монша ашу», Ж.Бузованың «Сұлу­лық салоны» жобаларына инфра­құрылым тартуға несие қаржысы бөлінсе, тағы бір кәсіп­кер Л.Сахиеваның «Тұрмыстық қыз­мет көрсету орнын ашу» жобасы тігін, шаштараз, перде және жалюз тігу қызметтерін қамтып отыр. Ауыл халқына тіс дәрігерлік қыз­ме­тін көрсетуде жеке кәсіпкерлер А.Нұрадинова, А.Сариев за­манауи жаңа құрал-жабдықтар алса, С.Ажайыпов жобалық құны 10,0 млн теңгелік «Ақниет» тіс емханасы жобасын іске қосты. «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында күрделі жөндеуі бас­­талған Ақтөбе – Атырау – Астрахань республикалық маңы­зы бар тас жол аудан аумағынан өтеді. Осы жолдың бойы­нан бизнес нысандарын ашу жоспарына сәйкес Мұқыр ауылы­ның Жамансор елді мекенінен Г.Жоламанованың «Ағатай» шайханасы, Сағыз ауылынан жеке кәсіпкер Әмірше Нұрлы­бектің «Алихан» қонақүйі және шайханасы іске қосылып, жолаушыларға қызмет көрсетуде. Осы жол бойынан ашылған Мұқыр ауылынан С.Оңғарбайдың «Тегершік жамау орнын ашу» жобасы да қаржыландырылған болатын. Сонымен қатар облыстық маңызы бар Құлсары-Бейнеу тас жолы бойындағы Тасқұдық елді мекенінен жеке кәсіпкер К.Бижанованың жобасы да жұмысын бастады. Бұрын қолға алынбаған кәсіптің бірі – жаңа технологиямен іске қосылған 4 жылыжай халықты көкөніспен қамтуда өз үлестерін қосып отыр. Болашақта Миялы ауылынан репе­ти­торлық орталық, Тасшағыл ауылынан «Жанар-жағармай бекетін ашу», Қарабау ауылынан «Құс өсіру» жобасы, Миялы ауылынан «Балаларға арналған тағамдар сату» дүкені, «Мейрамхана және гипермаркет» жобаларын іске қосу жос­парланып отыр. Зинеш САРБУФЕЕВА, Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Атырау облысы