Шағын мал бордақылау алаңдарын құрудың іс-шараларын жүзеге асыру нәтижесінде 32 мыңнан астам ЖҚШ жеке кәсіпкерлікке айналады және 15-30 мың теңге көлемінде ай сайынғы табыспен қамтамасыз етіледі.
Келтірілген деректерге қарағанда, 65 мыңнан астам тұрақты қызмет істеп тұратын жұмыс орындары құрылатын болады. Бағдарлама жыл сайын жергілікті бюджеттерді 3 млрд теңге көлемінде түсіммен қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз ету және АӨК өнімдері өндірісінің көлемін жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы арттыру бойынша шаралар қолға алынуда.
«Егемен-ақпарат»