• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2016

Астрономдар Жерге ең жақын ғаламшарды тапты

1181 рет
көрсетілді

Еуропа астрономдары тапқан экзопланета «Проксима Б» деп аталады. Мұнда адамзат баласы үшін тіршілікке қолайлы жағдайдың бәрі бар көрінеді. Сондай-ақ, аталған ғаламшардың көлемі Жермен шамалас. Астрономдар «Центавр альфасы» шоқжұлдызында орналасқан экзопланета Күн жүйесінен 4,2 жарық жылы қашықтықта орналасқанын мәлімдеді. «Осы ғаламшардың пішіні мен шығу тегі Жерге өте ұқсас. Ол Юпитер секілді газ шары емес, сол себептен адамдар оның бетінде қиналмай тұра алады. Онда сұйық түрде су болуы мүмкін. Демек, тіршілігі де болуы ықтимал», – дейді астроном Ансгар Рейнерс. Айта кетейік, соңғы жиырма жылда ғалымдар ғарышта үш мыңнан аса экзопланета ашқан. Алайда, көбісі өте алыс орналасқандықтан, олар мұқият зерттелмеген. Талғат РАЙЫМБЕК