• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2016

Дрондар пицца тасып жүр

388 рет
көрсетілді

Жаңа Зеландияда ұшқышсыз басқарылатын шағын аппарат – дронды пицца жеткізу қызметіне пайдалана бастады. Осы сервисті қолға алған компания басшыларының айтуынша, көліктің бұл түрі өте тиімді. Кептеліске түспейді, жол талғамайды. Мұндай қызметке екі тонналық ұшақты пайдалану тиімсіз екендігі анық. Компания қызметтің бұл түрін Германия, Жапония, Франция, Австрия және Голландияда да ашуды жоспарлап отыр. Жаңа Зеландияда дрондарды сауда-саттық байланыстарда қолдануға өткен жылы рұқсат берілген болатын. Айман МҰҚЫШЕВА