• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Тамыз, 2016

ТМД елдерінің бас прокурорлары Минскіде кездеседі

245 рет
көрсетілді

6 қыркүйек күні Минскіде ТМД елдерінің бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді, деп хабарлады Беларусь Республикасының бас прокуроры Александр Конюк. «ТМД елдерінің бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің отырысы 6 қыркүйек күні Минскіде өтеді. Отырыстың негізгі тақырыбы – сыртқы дебиторлық қарызды қайтару мәселесін қарастыру. Ресей мен Қазақстан біздің негізгі серіктестеріміз және бұл елдерде біздің кәсіпорындарымыздың контрагенттерінің ең үлкен бөлігі бар. Бұл негізгі мәселелердің бірі», – деп келтірді Александр Конюктің сөзін БЕЛТА агенттігі. Сондай-ақ А.Конюк бұл мәселенің 29 қыркүйек күні Мәскеуде Беларусь пен Ресей прокуратураларының алқасында талқыланатынын атап өтті Айдар ӨРІСБАЕВ