• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
30 Тамыз, 2016

«Қар барысы» қолаға қол жеткізді

289 рет
көрсетілді

Қазақстанның ден әлемнің клуб командалары арасындағы халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды. Астананың жастар командасы үшінші орын үшін таласта финнің «Йокерит» жасағын 2:1 есебімен ұтты. Елордалықтар мұның ал­дын­дағы жартылай финалда жастар хоккей лигасының өткен жылғы чемпио­ны – Ярославльдің «Локомотив» командасына есе жіберді. Матчтың негізгі мерзімі 2:2 есебімен тең аяқталғанымен, қосымша уақытта ресейлік жастардың жолы болды. Турнирдің топтық ойындары барысында «Қар барысы» плей-офф кезеңінде «Слован» командасын (Словакия) 7:4 және «Спарта» командасын (Чехия) 5:2 ұпайымен ұтты. Әлем кубогі жарысына Қазақ­стан, Ресей, Латвия, Швеция, Финляндия, Чехия және Словакия елдерінен сегіз команда қатысты. «Қар барысы» командасы бұл жеңіске бас жаттықтырушы Ғалым Мәмбеталиевтің баптауында жетті. Ескендір ЕРТАЕВ