• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
31 Тамыз, 2016

«Егемен Қазақстан» газеті жаңа дизайнда жарық көреді

1623 рет
көрсетілді

«Егемен Қазақстан» газеті ертең, 1 қыркүйектен бастап жаңа дизайнда жарық көреді. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінде «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі мәлімдеді. Ол бүгін газеттің жаңа макетін таныстырып, өзге де елеулі өзгерістер жөнінде әңгімелеп берді. Басқарма төрағасы атап өткендей, газет атауының жазылу стилі, бояуы және қаріпі, сондай-ақ ішкі мазмұндық құрылымы өзгерген. Сонымен қатар, басылымның заманауи талаптарға сай, әртүрлі қолданысқа ыңғайлы әмбебап логотипі жасалды. «Бірінші кезекте, отандық және шетелдік танымал басылымдардың дизайндары жан-жақты зерделеніп, баспасөзге бүгінгі күн тұрғысынан қойылып отырған талап-тілектер, қолданыстағы тәжірибелер сараптан өткізілді», – деді Дархан Қыдырәлі. Еске сала кетейік, басылымның таяуда жалпы стратегиялық даму тұжырымдамасы әзірленіп, оны Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мақұлдаған болатын. Газеттегі өзгерістің барлығы осы Стратегиялық құжатқа сәйкес жасалған. Айдар ӨРІСБАЕВ