• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
31 Тамыз, 2016

Бокс. Қазақстан төрт алтын медаль алды

537 рет
көрсетілді

Германияның Одердегі Франкфурт қаласында бокстан жастар арасында дәстүрлі Бранденбург кубогы аяқталды. Осы додаға Қазақстаннан 9 спортшы қатысып, соның төртеуі жеңімпаз атанды. Турнирде Рустам Хамидов (49 кг), Айдос Арапов (52 кг), Бек Нұрмағамбет (75 кг) пен Бекзат Нұрдәулетов (81 кг) бас жүлдені жеңіп алды. Одан басқа құрама команданың 3 боксшысы күміс, екі спортшысы қола медаль иеленді. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан командасы екінші орын алды. Бірінші орынды бес алтын жүлдемен Ресей боксшылары иеленсе, үшінші орынға бір алтын медаль жеңіп алған Германия құрамасы ие болды. Дастан КЕНЖАЛИН