• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
08 Қыркүйек, 2016

Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды - Ақорда

363 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Кәрім Мәсімовті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорда. «К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметіне тағайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлық Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа жүктелсін. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.   Қазақстан Республикасының                 Президенті                                                                                                                                                                  Н.Назарбаев   Астана, Ақорда, 2016 жылғы 8 қыркүйек № 318