• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Қыркүйек, 2016

Мәскеулік маэстро

254 рет
көрсетілді

Әйгілі «Виртуозы Москвы» камералық оркестрінің бірінші скрипкашысы, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Алексей Лундин ІІІ халықаралық «Жібек жолы» фестивалінде өнер көрсетпек. Нақты дерек көзі бойынша танымал скрипкашы 18 қыркүйекте «Астана Опера» театрының камералық залында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін өзінің ауқымды бағдарламасын ұсынатыны, сонымен қатар концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиновтің жетекшілігімен «Астана Опера» каме­ралық оркестрі қатысатыны мәлім болды. – Мен өзім де Салацгривтегі халықаралық классикалық музыка фестивалін ұйымдастырушылардың бірі болғандықтан, музыкаға қатысты мұндай мерекелерді өткізу идеясын үлкен ынтамен қабылдадым. «Жібек жолы» фестиваліне қатысу – мен үшін үлкен қуаныш. Себебі ол үздік солистердің орындауындағы шығармалар арқылы өнер жолын жаңадан бастаған музыканттарға классикалық музыканың қыр-сырын үйретеді. Өз әріптестеріммен, сондай-ақ қа­зақстандық жанкүйерлермен кезде­суді асыға күтемін, – дейді ас­пап­шы. Фестиваль қонағының аты бүгінде өнер жолын ұтымды дамытып жүрген тамаша скрипкашы ретінде де, ой-өрісі кең музыкант ретінде де жоғары марапатқа ие. Және ол жалпы өмірде адамдарға классикалық музыканың жетіспейтінін айтады. Тағы бір мәлім болған жайт, солист өнерлері атадан балаға жалғасып келе жатқан музыканттар отбасында дүниеге келген. Оның ұстаздардан жолы болған адам. Талантты скрипкашы, үлкен музыкант, шәкірттерін жарқырата білетін ұлы музыкант Маринэ Иаш­вили мен Цейтлиннің шәкірті Надежда Бешкина Алексей Лундинге музыканың таңғажайып әлеміне кәсіби даңғыл жол ашып берді. Әлемнің ең үздік концерттік алаңдарында өнер көрсетіп, қазіргі заманғы әйгілі музыканттармен бірлесіп жұмыс істеген.  Қаршыға КҮЛЕН