• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
09 Қыркүйек, 2016

Отандық әскери техникалар озып тұр

430 рет
көрсетілді

Мәскеу облысының Кубинка қала­сында өтіп жатқан «Армия-2016» ІІ халықаралық әскери-техникалық форумына қатысып жатқан отандық әскери техникалар мен осы мақсатта қол­данылатын құрал-жабдықтар сала мамандарының жоғары бағасына ие болды. Тіпті, өз өнімдеріміз көрермендердің назары ауған ерекше павильондардың біріне айналды. Соның ішінде, ашық алаңда ерекше көзге түскен қос техника – БТР «Барыс 8x8» және «САРП» 12,7 мм жауынгерлік модулі бар «Арлан» броньдалған дөңгелекті машинасы отандық әскерилердің ұпайын түгендеп, сарапшылардың таңдайын қақтырды. Халықаралық деңгейдегі мұндай форумға алғаш рет қатысып отырған қазақстандық «Барыс» пен «Арлан» тобының техникалары мен өнерін көрермендер қауымы «Алабино» сынақ алаңында тамашалады. Бұл жерде қазақстандық кәсіпорындар 184 шаршы метрлік стендте 46 табиғи үлгі мен 13 әскери және қос мақсаттағы макеттік өнімдерді көрсетілімге қойған екен. Апта соңына дейін жалғасын табатын көрме аясында отан қорғаушылар халықаралық шеңбердегі немесе әр түрлі деңгейдегі жаттығуларды орын­дауда соңғы бірнеше жылдан бері пайдаланылған ұялы байланыс құралдарын қолданудың жаңаша әдіс-тәсілдерін таныстыратын болады. Сондай-ақ, Ми-17В-5 және Ми-8 тікұшақтарының нобайлары көрмеге қойылады деп жоспарланған. «Zhasampaz» консорциумы болса, «Ар­мия-2016» форумының қатысу­шылары мен меймандарына «Тыныс» АҚ зауытының броньды кеудешелерін, қазақстандық өндірістің дулығалары мен әскери киім-кешегін көрсетеді деп күтілуде. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»