2016 жылдың шілде айында БЖЗҚ ұялы қосымшасы жаңартылып, 2.0 нұсқада шықты, ол қосымшаның бірінші нұсқасына қатысты пайдаланушылардың тілектері мен пікірлерін ескерген өзгерістерді қамтиды. Қазір жаңарту Android платформасына арналған Play Науket ішінде тұр. Жақын арада iOS пайдаланушылары үшін де жаңартулар болмақ.
Екінші нұсқаның жаңалығы неде? Ең бастысы, қосымшаның барлық бөлімі авторланбаған пайдаланушылар үшін қолжетімді болып отыр. Енді байланыстар туралы ақпаратқа тез қол жеткізіп, Қордың қаржылық көрсеткіштері мен соңғы жаңалықтарын біле аласыз. Сонымен қатар, қосымшаны планшеттерде пайдалану мүмкіндігі бар. Оның үстіне, осы қосымша арқылы БЖЗҚ байланыс орталығының мамандарымен хабарласа аласыз.
Жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу үшін логин мен пароль енгізу қажет. Сол жерде көптеген пайдаланушының сұрауы бойынша ЭЦҚ арқылы авторлану қызметі пайда болды. «Интернет байланысы арқылы» немесе «электронды пошта бойынша» хабарлау тәсілін таңдаған пайдаланушылар үшін жеке кабинетте тіркеу және бір реттік пароль алу қызметі қолжетімді. Сондай-ақ, үзінді көшірмеден төлемдер талдамасын көру мүмкіндігі қосылды, ол салымшының жеке шотына зейнетақы қаражатын аударатын агент (ұйым) туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
«Егемен-ақпарат»