• RUB:
    5.05
  • USD:
    484.37
  • EUR:
    531.06
Басты сайтқа өту
09 Қыркүйек, 2016

Паралимпиададағы алғашқы алтын медаль

351 рет
көрсетілді

  Риода басталған Паралимпиада ойындарында Қазақстан алғашқы алтын медальға ие болды. Бұл туралы Қазақстанның паралимпиада комитеті хабарлады. Жүзгіш Зүльфия Габидуллина 100 метр қашықтыққа еркін әдіспен жүзуден бас жүлдеге ие болып қана қоймай, әлем рекордын жаңартты. Зүльфия Габидуллина алты мәрте әлем чемпионы болған, әлемдік рейтингте алғашқы алтылыққа кіретін спортшы. Рио-де-Жанейродағы жазғы Паралимпиаданың ашылу салтанаты 8 қыркүйекте Маракана стадионында өткен болатын. Ойындар қыркүйектің 17-сі күні аяқталады.