• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
09 Қыркүйек, 2016

Солтүстік Корея ең ірі ядролық сынақ жасады

393 рет
көрсетілді

    Бүгін Астана уақытымен сағат 6.30-да Солтүстік Корея ел тарихындағы бесінші және ең үлкен ядролық сынақ жасады. Бұл жөніндегі ақпаратты Оңтүстік Кореяның әскерилеріне сілтеме жасаған BBC News таратты. Мамандардың айтуы бойынша, бұл сынақ Ким Чен Ын режимінің ядролық қару саласында айтарлықтай ілгерілегенін білдіреді.   «Қайғылы күн» Жарылған бомбаның қуаты Калифорния институтының маманы Джеффри Льюистің жорамалы бойынша 30 килотонна деп хабарлайды Reuters. «Бұл бүгінге дейін Солтүстік Корея жасаған сынақтардың ең ірісі. Айтары жоқ, қайғылы күн» деді ол Льюис. Жарылыстың күштілігі сонша, сынақ жасалған аймақта қуаты  5,3 баллға тең жер сілкінісі сезілген.   «Барып тұрған есуастық» Оңтүстік Корея солтүстіктегі көршісінің бұл ісін қатаң айыптады. Ел президенті Пак Кын Хе ядролық сынақты адамзаттың «өз-өзін жою актісімен» қатар қойып, Ким Чен Ынды «барып тұрған есуас» деп атады.  Ол бұл оқиғаға байланысты өзінің шетелдегі сапарын үзіп, еліне оралуға мәжбүр болды. Бүгін Астана уақытымен 11-лер шамасында Пхеньян бесінші ядролық сынақтың жасалғанын және оның сәтті болғанын ресми түрде растап, хабар таратты. Солтүстік Корея жасаған аса қуатты ядролық сынақ әлемді дүр сілкіндірген оқиға болып отыр. Жаңа мәліметтерді хабарлайтын боламыз.